Салдарынан баланың тыныс жолдары күйіп, жүрек қан тамырлары зақымданған
Түркістан облысы Жетісай ауданында 3 жасар бүлдіршін уланып көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға Қазыбек би ауылында тіркелген. 3 жасар қыз сусынның ыдысында тұрған улы дәріні ішіп, ауыр жағдайда аудандық аурухана түскен. Нәтижесінде баланың тыныс жолдары күйіп, жүрек қан тамырлары зақымданған.
«Оның жағдайы тым ауыр болғандықтан облыс орталығынан санитарлық авияациямен екі рет балалар токсикологы мен реаниматолог дәрігерлері шақыртылған. Алайда интенсивті терапия жасалғанына қарамастан бүлдіршіннің беті бері қарамады. Өкінішке орай, оны аман алып қала алмадық. Қазіргі таңда сот медициналық сараптамалар жасалуда», – делінген хабарламада.