Кәмелетке толмаған бала зорлық ісі бойынша 7 жарым жылға сотталды

elements.envato.com
elements.envato.com

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс жабық отырыста қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған жәбірленушіге бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Қылмыс аса ауыр санатқа жататындықтан 20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда кәмелеттік жасқа толмағандықтан, заң бойынша бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жылдан аспауы керек», – деді ауданаралық сотта.

Нәтижесінде сот жасөспірімді орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеумен 7,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Жәбірленушінің пайдасына қарай азаматтық талап бойынша сотталушының заңды өкілінен екі миллион теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Новости партнеров