Елордада 3 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті

11.10.2021 23:21

Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады

turkystan.kz

Бір уақытта елордадағы үш мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарламалар келіп түсті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

11 қазанда полицияға 16, 37 және 72 нөмірлі жалпы білім беретін мектептердің электрондық поштасына мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хаттар келгені туралы қоңырау түсті.

«Тексеру жүргізілді, ақпарат расталмады. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», – деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.