Төтенше жағдайлар қызметі көмек көрсетіп, оларды «Аманат« кемпингіне жеткізді
Самара - Шымкент тасжолында Өзбекстан азаматтары мінген автобус бұзылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Самара - Шымкент тасжолының Хромтау ауданы маңында «Сетра» маркалы автобусы бұзылып қалды. Ішінде 53 жолаушысы бар.
«Автобус Сарығаштан Ресейдің Краснодар қаласына бағыт алған. Жолаушылардың бесеуі әйел. Төтенше жағдайлар қызметі көмек көрсетіп, оларды «Аманат« кемпингіне жеткізді. Оларға өрт қауіпсіздігі ережесі түсіндірілді. Қазіргі уақытта жүргізушілер автобусты жөндеп жатыр. Ал жолаушылар үшін Ақтөбе қаласынан арнайы автобус жіберілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.