Жаңаөзенде кәмелет жасқа толмаған екі даяшы уланып қайтыс болды

26.11.2019 17:52

16 жастағы тағы бір колледж студентінің халі ауыр

newTimes.kz

Алдын ала болжам бойынша, 3 бозбала мейрамханада даяшы болып жұмыс істеген. Қайғылы оқиғаның қалай болғанын жергілікті полиция зерттеп жатыр. Алайда әзірге ешқандай ақпарат таратпай отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал, 2003 жылы туған колледж студентінің халі ауыр. Ол қазір Жаңаөзен көпсалалы қалалық емханасының жан сақтау бөлімінде жатыр.  Бұл туралы Маңғыстау облысының тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

«Жан сақтау бөлімінде жатыр қазіргі таңда. Барлық тексеруден өткізілді. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Анықтамасы - улану. Біздің реанимотолог дәрігерлеріміздің бақылауында», – деді Жаңаөзен көпсалалы қалалық емханасы басшысының орынбасары Әлішер КӨМЕКОВ.