Ресейде апатты жағдайда қонған ұшақта қазақстандықтар болды ма

12.09.2023 23:25

Прокуратура ұшу қауіпсіздігі туралы заңнаманың орындалуын тексеруге кірісті

Almaty.tv

Ресейде апатты жағдайда егіс алқабына қонған ұшақта 4 қазақстандық болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көрші елдің бұқаралық ақпарат құралдары бортта 167 жолаушы отырғанын жазып жатыр. Оның ішінде 23 бала, 6 экипаж мүшесі болған екен. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың апатты түрде қонуына ұшу кезінде гидравликалық жүйенің істен шығуы себеп болған. Жедел қызметтер ұшақтың өртенбегенін, оған ешқандай зақым келмегенін хабарлады. Жолаушылар жақын маңдағы елдімекеннің мәдениет үйіне уақытша орналастырылған екен. Прокуратура ұшу қауіпсіздігі туралы заңнаманың орындалуын тексеруге кірісті.

– Егер Қазақстан азамат шетелде қайтыс болса, олар еліміздегі дипломаттарға хабарлау міндетті емес. Туыстары денені өз еркімен жеткізіп алуы мүмкін. Оның бәрін біле бермейміз. Нақты статистика жоқ, – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда автокөліктер заңсыз тіркелген