Ақмола облысында суға батып кеткен журналистің денесі бес күннен кейін табылды

© Sputnik / Наталья Селиверстова
© Sputnik / Наталья Селиверстова
Қайғылы оқиға Арнасай ауылына жақын жерде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысы Арнасай ауылына жақын жерде суға батып кеткен қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар батып кеткен қызды бес күн бойы іздеді. Қайғылы оқиға Арнасай ауылына жақын жерде болған. Марқұм су қоймасында гидроскутермен жүрген. Жағадан шалғай кеткенде құлап, суға батып кетті.

Іздестіру шараларына ондаған құтқарушы қатысты. Адам іздейтін ит, моторлы қайықтар мен арнайы стационарлық эхолот жеткізілді. Сүңгуірлер эхолоттың мәліметтеріне қарап, судың түбін зерделеп отырды. Қоймадағы қатты жел мен судың түбіндегі қалың шөп қиындық туғызды.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында марқұмның Atameken Business телеарнасында жұмыс істегені туралы ақпарат шықты.

Новости партнеров