|
25.11.2019 | 18:29
2320

Нұр-Сұлтан қаласында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Тағы бір жолаушы мен «Тойота Камри» жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген

Нұр-Сұлтан қаласында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Елорданың орталық көшелерінің бірінде «ВАЗ-21099» маркалы көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Тойота Камри» маркалы көлігіне соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан «ВАЗ» автомобилінің 2000 жылы туған жүргізушісі мен 1997 және 1998 жылдары туған екі жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осы көлік ішінде болға тағы бір жолаушы мен «Тойота Камри» жүргізушісі әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Полиция департаментінің алдын ала болжамы бойынша, жол ережесін бұзған көліктің дөңгелектері қысқы маусымға сай ауыстырылмаған. Көктайғақта жүргізуші көлік тізгіне ие бола алмай қалған.

«Бұл жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, яғни жол ережесін өрескел бұзып, нәтижесінде абайсызда кісі өліміне әкеп соққан бабы бойынша. Сонымен қатар, барлық мән-жай анықталуда осы жол көлік оқиғасында», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің хатшысы София ҚЫЛЫШБЕКОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир