Жануарлар 27 қарашада жоғалып кеткен
Мұздың астында қатып өлген бір үйір жылқының Әлжан ауылының тұрғындарына тиесілі екені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жануарлар 27 қарашада жоғалып кеткен. Іздеу кезінде жылқылардың өлексесі Барчи көлінен мұзда қатқан күйінде табылыпты. Бұған дейін Айыртау ауданының полиция бөліміне табын жылқы арасынан 50 бас түліктің жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен еді.
«Аталған факті бойынша Айыртау ауданы полиция бөліміне арыз келіп түспеді. Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Өлген жануарлардың нақты саны анықталып жатыр», – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің инспекторы Нұрбек Баекин.