Астанадағы құрылыс алаңында тағы кран құлады. Оқыс оқиға бүгін сағат 9:00 шамасында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпарынша, шамадан тыс жүктемеден кран қақ ортасынан бөлінген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Қазір апат орнында өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мамандары жұмыс істеп жатыр. Айта кетсек, құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешені Ақын Сара көшесі, 53 мекенжайында орналасқан.
«Жүк 35 шақырым жерде салынған. Мұнаралы кранның машинисі жүкті көрмеген. Астындағы адамдар жүкті іледі де, телефонмен «жүкті көтер» деп звандайды. Сол кезде кран майысып кетеді. Себебі кран салмағы 2 тонна жүкті көтере алады. Ал төмендегілер 4 тоннаға жуық жүк салған», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қалалық департамент басшысы Қанат Қыздарбеков.