«Ойнатпай, сағаттап отырғызған»: Ақтаудағы балабақшада түсірілген видео ата-аналарды ашуландырды (видео)

Бейнебақылау камерасына қол көтеру дерегі де түсіп қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда балабақшалардың бірінің бақылау камерасы түсірген видео жарияланды. Балаларға қол жұмсаған тәрбиешілер ата-аналардың ашуын туғызды


Ақтаудағы №55 балабақшаның тәрбиешісі мен күтушісі балаларға ойнауға тыйым салып, орындықта сағаттап отыруға мәжбүрлеген.

«Біз екі сағаттық видео көрдік, осы уақыттың бәрінде олар орындықта отырды, ал қызметкерлер ұялы телефонына үңілумен болды, тіпті үстел басында ұйықтап та алды. Балаларға бір-бірімен ойнауға да рұқсат бермеді. Егер бала орнынан тұрса, басынан, қолынан ұрып, құлағынан тартқан», – деп шағымданды ата-аналар «Лада» порталына.  

Осы сәттің барлығы видеоға жазылған.

Балабақшаның директоры қазір еңбек демалысында. Оқиға жарияланғаннан кейін қалалық білім беру бөлімінде арнайы комиссия құрылды.

«Қазір барлығын егжей-тегжейлі зерттеп жатырмыз. Әрбір видео тексеріледі. Ол топтың қызметкерлері жұмыстан босатылды. Тексереміз», - деп түсіндірді Ақтау білім бөлімі.

Бұдан бұрын Ақтөбе облысындағы балабақшалардың бірінде болған оқиға желіде қызу талқыланған еді. Тәрбиеші әліпбиді үйреніп жатқан қыздың басынан ұрған сәті видеоға түсіп қалған.

Ол кезде мектепке дейінгі мекеменің басшылығы педагогты жұмыстан шығаруға шешім қабылдады.


Новости партнеров