Жүкті келіншегін ұрып-соғып, көшеде қалдырды деген шымкенттікке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Cот 25 жастағы ер адамға ескерту берумен шектелді. Сот-медициналық сараптама бойынша келіншектің аяқ-қолында жарақат бары анықталған. Бірақ ол азаматтық некедегі әйелін әдейі ұрмағанын, бәрі абайсызда болғанын айтып ақталыпты. Жалпы бұл іс денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабы бойынша тіркелген болатын. Еске салайық, 18 жастағы қала тұрғыны осыдан шашамен 3 апта бұрын арнамызға күйеуім көлікпен сүйреді деген шағымданған болатын.
«Жанжал кезінде жәбірленушіге құқықбұзушы сол жақ иығынан дене жарақатын абайсызда салғаны анықталды. Іс бойынша өзге дерек болмағандықтан, бір жыл ішінде мұндай жауапкершілікке тартылмағанын негізге ала отырып, оған ескерту түрінде жаза тағайындалды», – деді Мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абдуғаппар Бекназаров.