Алматыда лай көшкінінің қайталану қаупі жоқ

08.02.2024 23:36

Комиссия жұмысының нәтижелері туралы тиісті ақпарат беріледі

Almaty.tv

Алматы қаласының Медеу ауданында арнайы комиссия жұмыс істейді, оның құрамына ТЖД, "Қазселденқорғау", қала әкімдігінің мамандары енген. Басты мақсат - беткей аумағының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын тексеру, деп хабарлайды Almaty.tv.

8 ақпанда сағат 15:00-дегі жағдай бойынша комиссия беткейдегі зерттеу нәтижелері бойынша жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін лай көшкінінің қайталану  қауіп жоқ деген қорытындыға келді. Мамандардың бағалауы бойынша 8 ақпанда 3000 текше метрден лай көшкіні болған. Сонымен қатар жоғарыда 300-400 текше метр саз балшық массасы бар, ол қазіргі уақытта мамандардың күшімен тазартылып, қауіпсіз болу үшін төмен қарай сырғытылуда.

Айта кетерлігі, комиссия мүшелері болған оқиғаның себептерін анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Бұған дейін Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин атап өткендей, үйлерді қиратқан лай көшкінінің бірнеше ықтимал себептері бар. Мәселен, Алматы қаласының ТЖД нұсқасы бойынша, болған оқиғаның алдын ала себептерінің бірі – техногендік сипаттағы апат салдарынан топырақ суланып, ылғалданған. "Қазселденқорғау" желісі бойынша себептердің бірі-жоғары желіге орналасқан үй тұрғындарының жерасты су құбырын шаруашылық тәсілмен салған  деген болжам бар. Сонымен қатар мүмкін нұсқалардың қатарына үйлердің жоғарғы желісінің тұрғындары дұрыс орнатпаған нөсер кәріз құбыры, сондай-ақ таулы аймақтағы жартасқа сұйықтық ағызатын септиктер  де жатады.

Алайда тергеу жалғасуда. Комиссия қазіргі уақытта барлық мүмкін факторларды егжей-тегжейлі зерттеп жатыр.

Тергеу қорытындысы бойынша комиссия жұмысының нәтижелері туралы тиісті ақпарат берілетін болады.

Ресми деректерге сенуіңізді сұраймыз.

Анықтама: Бүгінде Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, оны құзыретті органдар тексеретін болады.

Дереккөз: Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі