|
13.03.2023 | 18:36
3157

Шымкентте жүк көлігі қағып кеткен 11 жасар қыздың жағдайы ауыр

Жантүршігерлік оқиға 10 наурыз күні болған еді

Шымкентте жүк көлігі қағып кеткен 11 жасар қыздың жағдайы ауыр inform.kz

Шымкентте жүк көлігі қағып кеткен 11 жастағы қыз баланың жағдайы ауыр. Бұл туралы қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, ауыр соққыдан жарақат алған жеткіншек есеңгіреп қалған. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, алғашқы көмек көрсетілсе де, әзірге жағдайы тұрақты емес. Ақ халаттылар науқастың әлі де ем қабылдауы қажет екенін айтады. Еске салайық, әлеуметтік желіде тарап жатқан жантүршігерлік оқиға 10 наурыз күні болған еді.

«Келген кезде баланың жағдайы өте ауыр болды. Екі аяғының балтыр сүйектері сынған. Бас миының шайқалуының ауыр түрі тіркелді. Сонымен қатар бұлшық еттерінің езілу диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір баланың жағдайы өте ауыр. Ауырлығы баланың жарақаттарына байланысты. Орталық жүйке жүйесіне зақым келген, есеңгіреп қалған», – деді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының травматолог дәрігері Бағжан Тұрдықұлов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир