Astana Hub-та стартап атын жамылған майнинг қызметі анықталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Олар 8,5 миллиард теңгеге мемлекеттік преференция алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Astana Hub-та стартап атын жамылған майнинг қызметі анықталды. Мекеменің IT-технопаркінде криптовалюталарды өндірумен айналысатын жобалар тіркелген. Олар 8,5 миллиард теңгеге мемлекеттік преференция алған. Бұл туралы Есеп комитетінің мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Ақылбай Ибраев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, бұл компаниялар Astana Hub-та тіркелген. Бірақ олардың нақты орналасқан жері белгісіз. Алайда қызметі заңды болып шыққан. 

"Аудит барысында Astana Hub халықаралық IT-технопаркінің ведомстволық бағынысты ұйымында криптовалюта өндірумен айналысатын жобалар тіркелгенін анықтадық. Майнинг  бұл технопарктің негізгі мақсаты мен міндетіне жатпайды. 2021 жылдың үш тоқсанында оларға 8,5 миллиард теңге салық жеңілдіктері берілді. Негізі оларға берілмеуі керек еді. Бес компания. Тек біреуі майнинг ретінде тіркелген, қалғаны стартап ретінде жұмыс істеген", - деді ҚР Есеп комитетінің мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы Ақылбай Ибраев.

Новости партнеров