Алматыда көліктің үстіне құлаған ағаштың себебі анықталды

24.08.2020 23:41

Жер асты құбырларын ауыстыру, электро кабельдерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген кезде ағаштың тамырына зақым келген

Almaty.tv

Алматыда көліктің үстіне құлаған ағаштың себебі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жер асты құбырларын ауыстыру, электро кабельдерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген кезде ағаштың тамырына зақым келген. Яғни, мердігерлер жол жиегіндегі талдарды тамырымен қоса кесіп отырған. Естеріңізге сала кетейік әлеуметтік желіде Мақатаев пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында өтіп бара жатқан Мерседес автакөлігінің үстіне тал құлаған видео тараған болатын. Ал, ағаш астында қалған көліктің иесі сотқа  жүгінген көрінеді. 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ -ның тапсырысы бойынша «Крисстал ММС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бұл жұмысты атқарған. Ол компаниялармен қазір түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс істеген мердігерлерді  386 бап бойынша жауапқа тартып жатырмыз. Және орнына қайта тал егу жұмыстарын жүргізуін талап етудеміз», – деді Қалалық жасыл экономика басқармасының бас маманы Нұрлан Құттыбаев.