Алматыда тапа-тал түсте той жасауға рұқсат еткен тағы бір мейрамхананың жұмысы әшкереленді

Алматыда тапа-тал түсте той жасауға рұқсат еткен тағы бір мейрамхананың жұмысы әшкереленді
Карантин талабын екінші рет бұзып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін тапа-тал түсте той жасап жатқан тағы бір мейрамхананың жұмысы әшкереленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алатау аудандық мониторингілеу тобы мен қалалық штабтан келген мамандар бірлесе әрекет жасап, тойды ортасынан тоқтатуға мәжбүр болды. Анықталғандай, іште 70-ке жуық келуші болған. Сонымен қоса, бұл кәсіпкерлік нысан осымен екінші рет карантин талаптарын бұзып отыр, дейді мамандар.

«Бүгін қалалық штабпен бірге аудандық штабқа көмекке келдік. Өйткені жоғары жақтан телефон қоңырауы түсіп жатады. Соны болдырмас үшін осы жерге келдік. Рейд жұмыстары осымен алдағы уақытта жалғаса береді», – деді республикалық мониторингтік топ төрағасы орынбасарының көмекшісі Ақмолжан Зарипов.

Кейін мекемеге арнайы мамандар келіп, су мен жарықты өшіріп тастады. Ал, келген қонақтарды арнайы көлікке отырғызып, полиция басқармасына алып кетті. Екінші рет тәртіп бұзған мейрамхана иесіне әдеттегідей хаттама толтырылып әрі қарай санитария мамандарына жолданады.

«Жыл басынан бері 160-қа жуық рейд жүргізіліп, 1300-ге жуық кәсіпкерлік нысан тексерілді. Соның 150-де заң, санитарлық талапты бұзу  фактілері анықталды. Олар бойынша тиісті шаралар қабылданып... », – деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Бектас Сәбитов.

Новости партнеров