Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
Атыраудағы Соколок каналын тасқын бұзды. Ағысы қатты суға ауа райы да әсер етіп жатқан көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір мұнда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Сондай-ақ қосымша техника жіберілді.
Айта кетейік, Соколок – Атырауға бағытталған су нөпірін Жайық арқылы реттейтін негізгі канал. Қорғаныс бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету үшін қосымша нығайту жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал сарбаздар мен құтқарушылар қауіпті аймақта жұмысын жалғастырады.
– Жарылған жерді бөгеу мүмкін емес. Су шығып кетті. Бірақ 2 километр бер жағынан Атырау-Доссор трассасының бойына қосымша бөгет салып жатырмыз. Қалаға су кіргізбеуге тырысамыз, – деді қала әкімінің орынбасары Тілек Махуов.
Оқи отырыңыз: Мұнайлы ауданында такси жүргізушісін пышақтап кетті