6 адам ауруханаға жеткізілді
Жол-көлік оқиғасы Жетісу облысы Көксу ауданында тіркелді. Алматы-Өскемен тасжолының 203-шақырымында Toyota Gracia автокөлігі мен Mercedes-Benz эвакуаторы соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Оқиға орнынан аудандық ауруханаға алты адам медициналық тексеруге жеткізілді. Олардың бірі – кәмелетке толмаған бала.
Жүргізушілердің қайсысы жол апатына себеп болғаны тергеу барысында анықталмақ. Оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмыс істеді.