|
27.08.2022 | 18:42
842

Қосшы қаласында кәріз құдығынан 6 жасар баланың мүрдесі табылды

Бала ойнап жүріп, із-түссіз жоғалып кеткен

Қосшы қаласында кәріз құдығынан 6 жасар баланың мүрдесі табылды Ашық дереккөз

Қосшы қаласында кәріз құдығынан 6 жасар баланың мүрдесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеше кешкі  сағат 21:30-да облыстық полиция департаментіне жергілікті тұрғыннан шағым түсіпті. Оның айтуынша, ауласында ойнап жүрген ұлы із-түссіз жоғалып кеткен. Іздеу кезінде бүлдіршіннің денесі ағын суға арналған шұңқырдан табылды.

«Көрсетілген мекенжай бойынша жедел түрде Қосшы қалалық полиция басқармасының басшылығы, жеке құрамы және жедел тергеу тобы барды. Іздеу жұмыстарының барысында баланың денесі ағын суға арналған шұңқырдан табылды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді. Қайғылы жағдайды тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді Ақмола облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнәр Пинчук.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир