Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді

19.12.2023 23:43

Қытайдағы жер сілкінісі бүгін Алматыда да сезілді. Табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ, ахуал тұрақты. Десе де, елдің оңтүстік-шығыс өңірінде байқалған дүмпу туралы сұраққа «Алматы» телеарнасының студия қонағы ТЖМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының басшысы Бейімбет Әшіров жауап береді.

– Бейімбет мырза, аталған аймақтағы жер сілкінісінің қаупі қаншалықты өршіп тұр?

– Бүгінгі Қытай территориясында болған жер сілкінісі Алматыда сағат 7:44-те тіркелді. Жер сілкінісінің күші 6 магнитудамен, Алматыға жеткен дүмпуінің күші 2 балл деп айтсақ болады. Оны Алматының шығыс жағындағы тұрғындар сезді деп айтуға болады. Қытайда зардап шеккен адам саны көп.

Құдайға шүкір, елімізде жер сілкінісі болады деген болжам жоқ.

– Демек, қорқатын ештеңе жоқ дейсіз ғой?

– Бұл - ғылыми болжам. Сейсмологиялық болжам жағынан айтсақ, әлі жас ғылым. Біз жаңа технологияларды қолдана отырып және де ғылым саласын дамытамыз.  Бірақ қазіргі кезде нақты болжам айта алмаймыз.