Бүгін сағат 00:00-де аймақта тағы 8 блок-бекет қойылады
Қарағанды облысында төтенше жағдай режимін бұзған 96 адам ұсталды. Бұл туралы аймақтағы Полиция департаментінің ресми өкілі Жаңатай Сембеков арнайы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Бүгінгі күні облыста ТЖ режимін бұзған 229 адамның үстінен әкімшілік іс қозғалды, олардың 195-іне айыппұл түрінде 97 жаза қолданылды, 2 адамға ескерту берілді. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат таратқаны үшін 10 сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деді Сембеков.
Оның айтуынша, Қарағанды облысына карантин жариялануына байланысты бүгін сағат 00:00-де тағы 8 блок-бекет қойылады, олардың бәрінде аймақтан кірген-шыққандар тексеріледі.