Атырауда тұрғын үйдегі өрттен жансақтау бөліміне түскен 2 жігіт көз жұмды

16.11.2021 00:43

20 жастағы екі жігіт есін жимаған қалпы бақилық болды

Almaty.tv

Атырауда жеке тұрғын үй қазандығы жарылып, отқа оранған үйдің ішінде қалған 2 ер азамат бақилық болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Есте болса, өрт 10 қараша күні таңғы сағат 8.00 шамасында Балауса шағынауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде тұтанған. Көршілері іште қалған 2 жігітті және 22 жастағы бойжеткенді қызыл жалыннан аман алып шығарған еді. Олар 90 пайыз дене күйігі жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, 5 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болған. Жағдайдың тым ауырлығынан қолдан келер шара болмады дейді дәрігерлер. Ал қыз баланың жағдайы қазір бірқалыпты. 

Оқи отырыңыз: Атырауда тұрғын үй өртеніп, 3 адам зардап шекті                                                                                

«Екеуінің де түскен кезде жағдайы өте ауыр болды. Күйік көлемі 90-95 пайыз болған. 2 және 3-дәрежеде болды. Барлық ем шаралары қолданылды. Соған қарамастан, есін жимаған екі науқас та қайтыс болды», – деді облыстық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Бекен Құлниязов.