Оқиға «Байқоңыр» станциясында болған
Бақылау камерасына түсірілген кадрларда ер адамның есінен танып, метро рельстеріне құлағанын көруге болады. Жақын маңдағы адамдар машинистке белсенді белгі беріп, абырой болғанда, пойызды тоқтатып үлгерген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Болған оқиғаны көрген диспетчер бірден рельстегі тоқ кернеуін ажыратқан. Содан кейін жігітке шығуға көмектесу үшін адамдар рельске түскен. Ал құлап кеткен тұрғынға алғашқы көмек көрсетіліп, артынша ауруханаға жеткізілген. Ер адам қатты зардап шекпеген, өміріне ешқандай қауіп жоқ дейді дәрігерлер.