Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді
Алматыда блок-бекеттер әзірге алынбайды. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында қала мен облыс шекарасындағы қозғалысты әзірге тежей тұру қажеттігін ескертті.
«Егер біз бүгін блок-бекеттерді ашып, қала мен облыс шекарасындағы халық қозғалысын бақылаусыз қалдырсақ, инфекция Алматы мен Алматы облысы арасында таралуы әбден мүмкін. Біз бұған жол бере алмаймыз. Мұндай тәртіп – ауру жұқтыру ошақтарын анықтауға мүмкіндік береді», – деді қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан ҚОЖАҒАПАНОВ.
Одан бөлек, Алматыда қатынайтын қоғамдық көліктің саны көбеймек. Қалада 1690 автобус 136 бағытта қатынайды. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жолаушылар жиі қатынайтын бағыттарды бақылап, автобус санын көбейту жоспарланып отыр.