Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: polisia.kz
4 адам қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол көлік оқиғасы Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолында болған. Toyota көлігін тізгіндеген жүргізуші Мақат-Қызылқоға бағытындағы 492 шақырымда рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Апаттан аман қалған 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізіліпті.
«Toyota Ipsum автокөлігі мен фура автокөлігі соқтығысты. Құрметті жүргізушілер, жылдамдықты асырмай, мұқият болуларыңызды сұраймыз!» – деді облыстық Полиция департаментінің взвод командирі Асхат Шағыров.
Оұи отырыңыз: Атырау тұрғыны 53 жыл құжатсыз жүрген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
15.11.2026 11:50
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46