Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды

18.11.2022 23:52

Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың отбасына 6 миллион теңге болатын несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды

Фото: ТЖД

Мемлекет басшысының атынан ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин мен елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің айтуынша, пәтер демеушілік қаражат есебінен берілді. Өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетілетін болады. Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың отбасына 6 миллион теңге болатын несиелерін өтеуге көмектесу туралы шешім қабылданды. Астаналық өрт сөндірушілер батылдық танытып, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды.  А. Забикулиннің денсаулық жағдайы ауыр, екінші науқас - орташа дәрежеде деп танылды.

Елордада көпқабатты үйде өрт болып, 3 адам, оның ішінде 1 бала ауруханаға түскенін еске салайық.

Ал 3 адамды құтқарған астаналық өрт сөндіруші Асқар Забикулинді 80% күйік шалып, жансақтау бөлімінде жатыр.  Мемлекет басшысы ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.