Өрт сөндірушілер ғимарат ішінде адамдар бар-жоғын барлап жатыр
Алматыда мейрамхана мен супермаркет өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тұрғындардың айтуынша, Қалқаман ықшам ауданы, Әуезов көшесінің бойында орналасқан "Жібек жолы" мейрамханасынан өрт шыққан. Лезде лапылдаған қызыл жалыннан мейрамханаға жапсарлас тұрған "Сабыржан" дүкені де өртке оранған. Оқиға болған жерге ТЖД қызметкерлері мен полиция жетті.
«Қазір өрт жапсарлас ғимараттарға жайылмас үшін оның алды алынды. Өрт сөндірушілер ғимарат ішінде адамдар бар-жоғын барлап жатыр. 50 литрлік 3 газ балоны сыртқа шығарылды»,– деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.