Ақмола облысында 7 жастағы қыз пештің ішінде тұншығып көз жұмды

17.05.2022 01:55

8 жастағы ұл Нұр-Сұлтан қаласының қалалық балалар ауруханасына жатқызылды

Almaty.tv

Ақмола облысының Қосшы қаласында 7 жастағы қыз пештің ішінде тұншығып көз жұмды, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  14 мамырда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел-жәрдем станциясының диспетчері хабарласып, 2015 жылғы қыз баланың мерт болғанын айтқан. Анықталғандай, түскі уақытта 2015 жылғы қыз және 2014 жылғы ұл бала пештің ішіне кіріп ойнаған. Осы кезде пештің есігі сыртынан жабылып қалған. Салдарынан 7 жастағы қыз көз жұмды, ал 8 жастағы ұл «ауыр дәрежелі гипоксия» диагнозымен Нұр-Сұлтан қаласының қалалық балалар ауруханасына жатқызылды.  

«Жеткізілген бойда баланың денсаулығы ауыр еді. Бірден реанимация бөліміне жатқызылды. Шұғыл түрде реанимациялық іс-шара жасалып, дәрігерлер қарап шықты. Қазіргі жағдайы орташа, яғни өміріне қауіп төндіретін ештеңе жоқ», – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.