Жамбыл облысында жол-көлік апатынан тағы 1 адам көз жұмды

24.09.2021 23:41

Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының бойында жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысқан

Almaty.tv

Жамбыл облысында тағы да көлік апаты болды. Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының бойында жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысып, соның салдарынан бір жолаушы мерт болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Тағы бір адам Тұрар Рысқұлов ауданының орталық ауруханасына түрлі жарақатпен жеткізілген.  

«Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Жедел тергеу тобымен тиісті тергеу әрекеттері басталуда. Көлік оқиғасының салдары мен себебі анықталуда», – деді Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің бастығы Олжас Омарбеков.