Оңтүстік Кореяда тағы екі қазақстандық азамат қайтыс болды

14.10.2020 15:25

Жас жігіт 9 метр биіктіктен құлаған

elitar.kz

Оңтүстік Кореяда 20 жастағы түркістандық жігіт пен 50 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол туралы «Друзья по СНГ» атты корейлердің халықаралық қоғамдық ұйымы қорғаушысының көмекшісі Мейірбек Садық жариялаған. Оның сөзінше, жас жігіт 9 метр биіктіктен құлаған. Ал 1970 жылы туған әйел ағаштан алма теріп жатқанда сатыдан құлап кеткен. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Осы айдың ағына дейін олардың мәйіті Қазақстанға жеткізіледі. Сонымен қатар, оның сөзінше, Кореяда соңғы алты айда 6 қазақстандық қайтыс болған.