Астанада жантүршігерлік жол апаты болды

25.01.2023 00:01

Қазір аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

Almaty.tv

Астананың орталығында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

BMW көлігін тізгіндеген 23 жастағы жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен Ермаков көшесіне қарай келе жатып, рульді басқара алмай қалған. Салдарынан өзіне қарсы келе жатқан Nissan маркалы көлікпен соқтығысады. Қатты соққыдан қарсы жолаққа шығып кетіп, тағы екі машинаға залал келтірген. Қалалық полиция департаментінің ақпарынша, оқиға бүгін сағат 2:00 шамасында болған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі мен жолаушысы қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Қазір аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. ПД ауа райына байланысты қозғалыс кезінде мұқият әрі сақ болуды, жылдамдық режимін сақтауды ескертеді», – деді Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шәуленова.