Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Петропавлда жолға жатып алған әйел көлік астында қалып, мерт болды. Оқиға өткен демалыс күні болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бейнежазбадан жолдың қақ ортасында жатқан адамды қатты жылдамдықпен келген көліктің қаққанын аңғаруға болады. 43 жастағы әйелді басып кеткен 34 жастағы жүргізушіні полиция қызметкерлері тез арада анықтаған. Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
– Жол апатында алған жарақаттың салдарынынан әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта іс үшін маңызды барлық мән-жайды анықтау мақсатында барлық тиісті шаралар жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады, – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы Нұрбек Баекин.
Оқи отырыңыз: Алматы полициясы 38 мопедті айыппұл тұрағына қойды