Оралда жедел жәрдем көлігі жанып кетті

07.05.2023 в 00:06

Оқиға 6 мамыр күні болған

Орал қаласында жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 6 мамыр күні сағат 09.21-де Қ.Мусин көшесі бойында болды.

«№4 қалалық емхана маңында жедел жәрдем көлігі отқа оранды. Автокөлік газбен жабдықталған, өрт сөндіру құралы қолданылған. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жаудың» таралуы 09.41-де оқшауландырылып, сағат 09.45-те ауыздықталды. Жыл басынан облыста 29 автокөліктің өртенгені тіркелген», - деп хабарлады ведомстводан.