Мегаполисте Сәтбаев көшесі біраз уақытқа жабылады

14.08.2024 00:07

Достық даңғылынан Луганский көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі

elements.envato.com

Алматыда Сәтбаев көшесінің бір аумағы жөндеу жұмыстарына байланысты біраз уақытқа жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сәтбаев көшесінің учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

14 тамыз сағат 08.00-ден 15 тамыз сағат 20.00-ге дейін Достық даңғылынан Луганский көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Бұл аумақты Шығыс бағытта Құрманғазы көшесімен, батыс бағытта Интегральная және Инженерная көшесімен айналып өтуге болады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стенд қойылады. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталары» сервисінде жазылған.