Адматыдағы ашық жатқан кәріз құдықтары телеарна сюжетінен кейін дереу бітеле бастады

15.03.2019 00:09

Ұрылар Құлыбеков көшесінің бойынан 16 шойын қақпақты шешіп алып кеткен еді

Алматының Наурызбай ауданындағы көшеде ашық жатқан құдықтардың беті түгел жабылды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Коммуналшылар Құлыбеков көшесіндегі ұрылар қолды қылған арық жүйесінің қақпақтарын қалыпқа келтірген.

Естеріңізге сала кетсек, ұрылар Құлыбеков көшесінің бойынан 16 шойын қақпақты шешіп алып кеткен еді. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы арнайы сюжет әзірлеген еді. Арада бір тәулік өтпестен коммуналшылар шұңқырлардың бетін жауып шығыпты. Тек бұл жолы шойын емес, темір тормен қалқалапты. Бірақ, соған қарамастан сұғанақтар тағы екі люкты үптеп кеткен.

«Бүгін қолдан келетін шара осы ғана болып тұр – темірмен жамау. Әхірге өзге альтернатива жоқ. Бұл торлар да металл болғандықтан ертең оларды да шешіп алып кетуі ғажап емес», - дейді Алматы қаласы Наурызбай ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы Данияр САДЫҚОВ.