2019 жылы 250-ден астам құмар орындарының заңсыз қызметінің жолы кесілді
Бүгін Алмалы ауданының әкімі мен қала бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы кәсіпкерлермен кездесті. Олар жиналыста заңсыз ойын автоматтарын орнату қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жалпы, жыл басынан бері 560-тан астам ғимарат пен сауда орталықтарына ескертпе қағаз таратылған. Қазір республика бойынша тираждық лотерея сатумен айналысатын тек бір ғана оператор бар.
«Бүгінгі біздің тақырыбымыз – заңсыз ойын бизнесіне қарсы әрекет ету бойынша қабылданған шаралар. Қазіргі таңда біз осыған байланысты аудан әкімдерімен жиналыс өткізіп жатырмыз. Оған көбіне кәсіпкерлер, атап айтқанда, дүкен, кейбір залдардың иелерін шақырып отырмыз. Бірінші мәселе – профилактикалық жұмыстарды жүргізу», – деді Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы Дәулет АҚЫЛБЕКОВ.
Айта кетейік, 2019 жылы 250-ден астам құмар орындарының заңсыз қызметінің жолы кесілді. Биыл аталған жәйт бойынша 715 қылмыстық іс тіркеліп, 88 тұлға, оның ішінде заңсыз ойын бизнесіне ғимарат берген 3 меншік иесі сотталды. Көлеңкелі айналымнан 626 ойын аппараты, 25 миллион теңгеге жуық ақша өндіріп алынды