СҚО-да ер адам аюға тамақ беремін деп қолынан айырылды

25.07.2023 00:18

Ол 1,5 ай бұрын сынақ мерзімі бойынша жұмысқа қабылданған

klike.net

СҚО-да ер адам аюға тамақ беремін деп қолынан айырылды. Оқыс оқиға облыстағы демалыс аймағының біріндегі хайуанаттар бағында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зардап шегуші бірден ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер сол қолын сақтап қала алмапты. Қазір болған жайтқа қатысты құзырлы орган өкілдері тергеу жүргізіп жатыр. Айта кетейік, 43 жастағы хайуанаттар бағының қызметкері тек 1,5 ай бұрын сынақ мерзімі бойынша жұмысқа қабылданыпты.

– Аталған факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 1569-бабының 52-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіміне тіркелді. Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге анықталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процесстік шешім қабылданатын болады, – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.

Оқи отырыңыз: Шымкентте 4 жасар баланың қолы ет тартқышқа кіріп кетті