44 жастағы әйел адам баласымен бірге көршілес шаруа қожалығына келіп, баласын көліктің ішінде қалдырған
Алматы облысындағы тас жолдан табылған баланың анасының кім екені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
44 жастағы әйел адам баласымен бірге көршілес шаруа қожалығына келіп, баласын көліктің ішінде қалдырған. Ал бес жасар бала көліктен түсіп, тасжолға шығып, қожалықтан алыстап кеткен. Біраз уақыттан соң оны жолдан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі байқап қалыпты. Қазір бала анасының қасында. Еске сала кетсем, Жамбыл ауданындағы тасжолдан жалғыз тұрған белгісіз бала табылған еді. Оны байқап қалған ер адам бүлдірішінді бейнекамераға түсіріп, туыстарын табу үшін желіге жүктеген.
«Ювениалдық полиция әкімшілік кодекстің 127-бабына сәйкес, яғни ата аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамау дерегі бойынша баланың анасын жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарастыруда», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев.