«Біз біргеміз» қорынан Алматы қаласына 2 млн бетперде әкілінген
Алмалы ауданындағы көмекке мұқтаж 5 мың отбасы тегін медициналық бетпердемен қамтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Біз біргеміз» қорынан Алматы қаласына 2 млн бетперде әкілінген. Аудан әкімдігі жағдайы төмен отбасылардың тізімін жасап оларға тегін таратты. Қайырымдылық шараға қалалық «Нұр Отан» партиясы мен бірге еріктілер де үлес қосты. Бұдан бөлек, қор аясында аудандағы мұқтаж отбасыларды азық-түлік және дезинфекциялық құралдармен қамту жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
«Нұр Отан» партиясына көп рақмет, алғысым шексіз. Азық-түлікпен, ақшалай көмектерін беріп жатыр. Ешқандай жоқ демейді, осындай карантин кезінде көмектері жақсы көмектерін көрсетуде», – деді көпбалалы ана Жамал ЖАНАСОВА.