|
Jol
11.12.2023 | 22:12
2675

Президент жылусыз қалған бірнеше өңір басшынан есеп алды

Астанада мектеп оқушылары сабақты онлайн оқыды

Президент жылусыз қалған бірнеше өңір басшынан есеп алды Almaty.tv

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жылусыз және сусыз отырған өңір басшыларынан есеп алды. Президент апаттық учаскелерде жылу және сумен жабдықтауды қысқа мерзімде қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өткен демалысты бірнеше өңір тұрғындары бүрсең қағып тоңып, сусыз өткізді. Ақтауда, Балқаш, Екібастұз және Көкшетауда жылу желілері жарылып, жұрт қытымыр қыста жылусыз қалды. Екібастұздағы қазандықтар қатты отынға ауыстырылды. Ал Көкшетауда құбыр жарылып, 40-тан астам үй жылудан ажыратылды. Жауаптылар оқиға орнында олқылықтың орнын толтырумен айналысты.

– Магистральдық желідегі жарылған құбыр қалпына келтірілді. Қазір гидравликалық температураны қою үшін жұмыс істеп жатырмыз. Көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсету компаниялары нысандарындағы жылу желілерін тексеріп, ауасын шығаруды қолға алса екен дейміз, – деді «Көкшетау жылу» МКК директоры Руслан Мәкішев.

Ал энергетика саласының сарапшысы Әсет Наурызбаевтың айтуынша, Қазақстанда энергетик мамандардың жетіспеушілігінен осындай мәселе туындап жатыр. Инвестор мен жылуға жауаптыларды жазалай бергеннен пайда жоқ. Маманның сөзінше, аталған саланың жілігін шағып, майын ішетін маман болса, апат азаяды.

– Қыс сайын құбыр жарылып, жұрт жылусыз қалып жатыр. Құбырларды ауыстыру қала, ауылда болсын өте ауыр жұмыс. Себебі жұмыс қиын. Сондықтан мұндай құбырлардың қызмет көрсету уақыты ұзақ болады. Негізі, жылу желілеріндегі құбырлар 20-40 жыл сайын ауыстырылып тұруы керек. Бірақ бізде су тұзды және сапасыз болған соң, құбыр тез шіриді. Алдымен осыны зерттейтін маман қажет. Энергетика институтына мамандықты таңдап түсетін тәлімгерлер аз, – деді энергетика саласының сарапшысы Әсет Наурызбаев.

Демалыста жылусыз қалған бірнеше өңір басшыларынан Президент есеп алды. Апат болған желілерді тез қалпына келтіруді тапсырып, әкімдерге жеке жауапкершілік жүктеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жылыту маусымына дайындық кезінде олқылықтар жіберілгені туралы айтты.  

Синоптиктердің болжауынша, қытымыр аяз әлі үш күн сақталады екен. Суыққа байланысты ел аумағындағы 50-ге жуық жол жабылды. Ал Астанада мектеп оқушылары сабақты онлайн оқыды. 

Өмір Серікбекұлы, Нұрлан Өтегенов, Дастан Темірбекұлы, «Алматы» телеарнасы, Астана

Оқи отырыңыз: Ақтауда құбыр жарылып, 16 шағынаудан жылусыз қалды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир