Астанада бөлім басшысы 414 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз аударған

23.02.2019 00:33

Қазіргі кезде бұл іске қатысты тергеу амалдары жалғасуда

Астанада жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы заңсыз түрде 400 миллионнан артық теңгені мердігер компанияның шотына аударған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Экономикалық қылмысты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі анықтады. Ұлттық бюро өкілдерінің сөзінше, қызмет бабын асыра пайдаланбақ болған шенеунік басқарма басшысы жұмыста жоқ кезде, оның электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы мердігерге 414 миллион теңге аударып жіберген. Қазіргі кезде бұл іске қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

«Тұрғын алаптарының сыртқы инженерлік желілер құрылысы үшін мердігер мекеменің есепшотына 414 миллион теңгенің бюджет қаражатын заңсыз аударғаны үшін күдікті деп танылды. Департаменттің өтініш xаты негізінде сотпен аталған қаражатқа арест салынды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталған соң, «Астана банкі» АҚ тарату комиссиясына аталған 414 миллион теңгені басқарманың есепшотына қайтару жөнінде xат жолдау жоспарланып отыр», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна БАСТАРОВА.