Өрт сөндірушілер екі қабатты үйдің шатырынан шыққан өртті сөндірді

09.11.2021 в 00:37

Әлеуметтік желіге тараған видеодан үйдің шатыры қатты жанып жатқанын байқауға болады

Алматыда екі қабатты үйдің шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.             

Оқыс жағдай 8 қараша күні таңғы сағат 10.30 шамасында Бостандық ауданына қарасты Мирас ықшамауданында болған. Қызыл жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған.

Әлеуметтік желіге тараған видеодан үйдің шатыры қатты жанып жатқанын байқауға болады.

Төтеншеліктер өртті бір сағаттың ішінде ауыздықтап үлгерді. Ол үшін оқиға орынында 12 арнайы техника мен 50-ге жуық адам жұмыс істеді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

«Өрт сөндірушілер жеткен кезде екі қабатты үйдің мансарда қабатының өртеніп жатты. Өрттің көлемі 280 шаршы метр болды. Өрттің тез таралуына оңай жанғыш конструкциялар себеп болған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деді Бостандық ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Еркебұлан Қасенов.