Бүгін «Акимат лайф» бағдарламасында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков тұрғындар сауалына жауап береді
Қарғалы өзенінің суы көтерілді деген ақпарат шыққалы көптің көңілі күпті. Алайда, төтеншеліктер ешқандай қауіп жоқ десе де ел арасында жалған ақпарат желдей есіп жүр. Наурызбай ауданының тұрғындары арнамыздың Акимат лайф бағдарламасына хабарласып, мән-жайды анықтап беруін де сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Думан» ықшамауданына қарасты Тіксай өзінінің маңындағы тұрғындар көктем мен күз айларында көшелерімізді су басады деп шағымдануда. Мұндағы басты проблема өзен кенерінен асып, халық лай мен батпақ кешуге мәжбүр болады. Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын су тасқынының алдын алғанымен, бұл оқиға бірнеше рет қайталанған.
Тіпті, үйдің ішіне дейін кірген күндердің күнінде баспанамызды жыға ма деп қауіптенеді.
«Біздің бұл жерге келгелі бірнеше жылдың жүзі болды. Бүгінде біз үшін ең қауіпті нәрсе – Тіксай. «Думаннан» келетін суымыз. Айта-айта жауыр болды. Көбінесе көктем кезінде ол 5-6 метрге дейін көтеріліп кетеді. ТЖД бәрі біледі. Жылда хабарлаймыз. Олар келеді, тракторларын әкеліп, қазады-қазады да ары қарай аударады. Содан қайта тасиды. Үйге дейін кіріп, бүкіл есігімізді алды», – деді бір тұрғын.
«Өтініш арыққа назар аударыңыздаршы. Балаларымыз бар, солар үшін алаңдаймыз. Қашанғы шыдауға болады?», – деді НАВАТ БАБАЕВА
Ал, сел жүру қаупі бар тағы ықшамауданның бірі Наурызбай ауданына қарасты – «Таусамалы». Десе де, қазіргі таңда аталған аймаққа қатысты ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ дейді төтеншеліктер. Бірақ, халық арасында жалған ақпарат желдей есіп жүр.
«Қарағайы ауданында осыдан 4 жыл бұрын осындай апат болғанҚорқамыз. Неге? Ауыл бәрі қорқады. Ол аяқ астынан келетін апат. От, су деген – тілсіз жау. Бүкіл ауыл содан қорқамыз», – деді Рихан БАЙҒҰЛАҚОВА.
«Иә, сел қаупі бар деп естідік. Кейіннен ол болмайтын болды деп естідік. Қалай хабар берді бізде қорқыныш сейілді. Алдында бөгетте жарық бар деп естіген кезде біз қорықтық кәдімгідей. Осы бөгетте жарықтың бары рас па?», – деді Айдана ШОНАБАЕВА.
Осы және өзге де сұрақтарға бүгін «Акимат лайф» бағдарламасында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерлан Әлібеков жауап береді. Егер көкейде жүрген сұрақтарыңыз болса «Алматы» арнасының әлеуметтік желідегі парақшасына жолдасаңыздар болады.
Арнат Байсейітов, Әсет Құндақбаев, Алматы телеарнасы