Астанадағы өрт шатырдан басталған – вице-министр

05.02.2019 00:42

Астанадағы қайғылы жағдайға қатысты дереу брифинг өткізген еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қайғылы жағдайдың алдын ала себебін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Брифингте Юрий Ильин ең алдымен, отбасы қайғысына ортақ екенін жеткізіп, көңіл айтты. Вице-министрдің айтуынша, өрттің тұтануына пеш жағудағы қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болған.  

«Өрт неден шықты? Далаға шығатын мұржаның асбест қаптамасы болмаған. Салдарынан ағаш шатыр өртенген. Қазір оқиға орнында арнайы зертхана жұмыс істеп жатыр. Қорытындысын, нақты себептерін анықтайтын болады», – деді

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий ИЛЬИН.