Алматыда ұшақ апатынан мерт болғандардың аты-жөні анықталды

14.03.2021 в 18:14

Кеше 17:20-да Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады

Алматы әуежайында Ан-26 әуе апатынан қаза тапқандардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Almaty .tv.

Әскери ұшақ апатынан 1987 жылы туған майор Ғабит Барлықбаев, 1987 жылы туған аға лейтенанттар Досжан Баймұратов және 1995 жылы туған Мұхтар Сағынбаев, сондай-ақ 1986 жылы туған сержант Евгений Васильков (басқа деректер бойынша – 1987) қаза тапқан.

Ұшақ апатынан аман қалғандар:

Артем Аширов, капитан, борт командирі, 1987 жылы туған

Бақыт Ісләмов, аға лейтенант, 1996 жылы туған.

Еске сала кетсек, кеше Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады.