Балаларының бірі есін жиса, екіншісі әлі жасанды тыныс алу аппаратында жатыр
Алайда, қызы әлі ес-түссіз жатыр. Дәрігерлер анасының жағдайын қанағаттанарлық деп бағалаған. Ол өздігінен жүре алады. Сол себепті амбулаториялық ем алуға үйден қатынап тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Дәрігерлер, оған мықты психолог және реабилитологтың көмегі әрі тыныштық керек деп отыр. Ал, екі баласы бүгінде қалалық шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында жатыр. Оның біреуі апаттан кейін бір апта өткенде есін жиған болатын. Ал, екіншісі әлі күнге дейін жасанды тыныс алу аппаратымен демалуда.
Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған стансасында автобуспен пойыз соқтығысып, бір адам қаза тауып, үш адам ауыр жарақат алған еді.