|
17.04.2024 | 19:46
2123

Автобус жүргізушісіне қатысты сот отырысы: жәбірленуші тарап 40 млн теңге талап етуде

Қоғамдық көлік компаниясы мен жүргізушіге қатысты азаматтық арыз беріледі

Автобус жүргізушісіне қатысты сот отырысы: жәбірленуші тарап 40 млн теңге талап етуде Almaty.tv

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Кезекті тыңдалымда бірінші сөз жәбірленуші тараптың қорғаушысына берілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Заңгер бұл жолы жантүршігерлік көлік апатында көз жұмған азаматтырдың жақындарының талаптарын жіпке тізіп шықты. Судьяға оқыған өтініште жауапты компания “ДуманТранстың”, көлік жүргізушісі Ермек Шөкебаеваның және сотталушы Дархан Ахметжановтың Азаматтық кодекстің “бірлесіп келтірілген зиян” бабы бойынша 40 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттелуін сұрап отыр.

- Автобус жүргізушісі Шөкебаеваға қатысты қылмыстық іс қысқарылғанымен, азаматтық талап бойынша біз сол автобустың иесі “ДуманТрансқа” және соның жүргізушісі Шөкебаеваға моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап-арыз бере аламыз, - дейді жәбірленуші тараптың қорғаушысы Айтынғали Табылдин. 

Дүйім жұрттың жағасын ұстатқан оқиғаға қатысты кезекті сот отырысында автобус ішінде болған куәгерлер сөйледі. Анасының рұқсатын алған соң сот залына кәмелетке толмаған жасөспірім шақырылып, көлік жүргізушісі мен сотталушының арасында болған жанжалдың мән-жайын түсіндірді. Сондай-ақ куәгер Ермек Шөкебаеваның толық есінен танып қалғанын жоққа шығарды. Оның айтуынша, жүргізуші абыр-сабыр басталғанда оған "тежегішті бас" деген екен.

- Бұл кісі ортаңғы есіктен түсіп кетпекші болды. Ал жүргізуші алдыңғы есіктен шығып, чек көрсетуін талап етті.  Бұл кісі чекті көрсете алмады. Көп нәрсе айтылды негізі, "осы жерден түсіріп кет, болмаса, мен сені үйтемін-бүйтемін" дегендей. Жүргізуші "қолыңнан келсе істеп көр" деп қарсы сөз айтты, - дейді куәгер. 

Оқи отырыңыз: Елімізде көлік жылдамдығын тым қатты асырғандарға жаза күшейтіледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир