Су тасқыны: 46 тұрғын үйді қар суы басты

16.04.2021 01:31

Мұз кептелісін болдырмау облыстарда 100-ден астам мұз жару жұмысы жүргізілді

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында су басу қаупі сақталып отыр.  Төтенше жағдайлар министрлігінің хабаралуынша, 9 мыңнан астам адам тұратын 81 елдімекенде қар жамылғысы әлі де қалың. Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде сең жүру үдерісі жалғасуда. Мұз кептелісін болдырмау үшін аталған облыстарда 100-ден астам мұз жару жұмысы жүргізіліп, 18 тоннадан астам жарылғыш зат қолданылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Су тасқыны кезеңінің басынан бері Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында температураның күрт көтерілуіне байланысты 46 тұрғын үйді еріген қар суы басты. Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тас жолдарды 67 рет су шайды», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.