Кеше және бүгін ұшақтың барлық бөлігі тергеуге жөнелтілді
Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағының багынан кеше 4000 литрден астам авиациялық жанармай құйып алынды. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олардың сөзінше, құтқару қызметіне 27 желтоқсан яғни, апат болған күні таңғы сағат 7-ден 25 минут өткенде дабыл түскен. Алғашқы күні жеке құрамның мыңға жуық маманы мен 119 техника апат болған жерде жұмыс істеді. Кеше және бүгін ұшақтың барлық бөлігі тергеу жұмыстарына жөнелтілді.
«Бірінші күні жеке құрамның 776 адамы мен 119 техника жұмылдырылды. Басқа күндері бұл сандар атқарылған жұмысқа қарай өзгеріп отырды. Яғни, шұғыл тергеу жұмыстары кезінде азаматтық қорғау қызметінің ауыр техникалар пайдаланылды. Кеше ұшақтың алдыңғы және артқы бөліктері тергеуге жіберілді. Ал, бүгін әуе кемесінің негізгі бөлігі, яғни фезуляж тергеу жұмыстарын жүргізу үшін тралл көлігіне тиелді», – деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Дмитрий ЗАБОРСКИХ.